Жыл сайын Қазақстанда Тілдер күні аталып өтіледі. Бұл Қазақстанның барша халықтары үшін ортақ мереке. Көп ұлтты тілдер мерекесінің негізінде мынадай идея жатыр: «Әрбір тіл – бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке баға жетпес үлес». 3 қыркүйекте Лесной ауылдық кітапханасының кітапханашысы осы күнге орай «Тіл-достық көпірі» әңгіме – викторинасын өткізді. Іс-шараға 2 сынып оқушылары қатысты. Балалар үш тілдің білгірі ретінде жарыса отырып, көптеген қызықты тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп, ойында тапқырлық танытты. Қатысушылардың назарына «Дәстүрді сақта, дәріптеу» кітап көрмесі ұсынылды.