Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қазақстан халқы тілдері күніне орай 4 сынып оқушыларымен «Тіл жайында сөз» атты ауызша журнал өткізді. Журналдың бірінші бетінде «Тіл – халықтың жаны» тілдің әртүрлі халықтардың мәдениеті ретіндегі рөлі туралы баяндалады. Екінші бетінде - «Мен өз ана тілімді жақсы көремін» мемлекетіміздің тілдік аспектілерін қозғайды: «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң, «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы және т. б. Үшінші бетінде балалар «Тіл және оның күші», «Ақылды Эзоп туралы» аңызды тыңдап, Эзоп үшін тіл неге әлемдегі ең жақсы және сол уақытта ең өзекті мәселе болғандығы туралы өз пікірлерін білдірді. Төртінші бет мақал-мәтелдерге арналған: әртүрлі халықтардың мақал-мәтелдері салыстырылған.