27 тамыз күні Костряков ауылдық кітапханасында «Конституция – еліміздің негізгі Заңы» атты құқықтық сабақ өтті. Мақсаты: ҚР Негізгі заңы ретінде балаларға Конституция туралы түсінік беру, мемлекетке деген құрмет пен өз Отанына денег сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқырмандар еліміздің Конституциясының пайда болу тарихымен, оның әрбір азамат үшін маңыздылығымен танысып, Қазақстан туралы өлеңдер оқып, викторина сұрақтарына жауап берді. Кітапханада «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, Конституция және ҚР заңдарының жинақтары ұсынылды.