Қостанай облысының мерейтойына орай аудандық балалар кітапханасында «Туған өлкем - неткен көркем» білімпаздар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: туған өлкенің, өз елінің тарихына деген танымдық қызығушылықтарын дамытуға ықпал ету; сондай-ақ өз Отанының түпкі тамырын білетін және құрметтейтін өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Байқау барысында Балалар Қостанай облысының тарихын еске алып, викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның қорытындысында «Қостанай облысы бойынша саяхат!» онлайн ойынына қатысты. Балалар ойынды өте жақсы орындады және өздерін кіші Отанының нағыз білімпаздары ретінде көрсетті.