12 маусым Халықаралық балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күніне орай Костряков ауылдық кітапханасында «Балалар еңбегін пайдалануға жол жоқ!» тақырыбында тақырыптық кітап көрмесі ресімделді. Мақсаты: әр елдерде балалар еңбегін пайдалану мәселелері туралы қоғамның хабардарлығын арттыру; осы саладағы халықаралық заңнаманың негіздері жайында түсінік беру. Көрмеде «ҚР Конституциясы», «Бала құқықтары туралы Конвенция», «Сен өз құқығың мен міндеттеріңді білесің бе?», «Балаларды қанау туралы не білуің керек», И.Захаровтың «Бақытты балалық шақ құқығы», М. Земскаяның «Отбасы және тұлға», Н. Амосовтың «Балалық шақ елі» және т. б. әдебиеттер ұсынылған.