Федоров аудандық орталық кітапхана жанындағы «Парасат жолы» орталығында «Саяси қуғын-сүргін. Ел тарихы» тақырыбында Storytime өтті. Орталықтың қонағы – ауыл тұрғыны А.С. Налгиев болды. Әлихан Саварбекұлы саяси қуғын-сүргін жайында жақсы білетін адам. Ол адамдардың жүк вагондарына қалай күштеп тиелгені туралы айтып, көп жағдайда олар жеке заттарын жинауға да уақыттары болмай, өздерін қайда апаратынын және алда оларды не күтіп тұрғанын ешкім білмегендіктерін де айтып өтті. Осы адамгершілікке жатпайтын ауыр жағдайда жер аударылғандармен баспаналары мен тамақтарын бөліп жеген жергілікті тұрғындар оларға аман қалуға көмектескендіктерін де тілге тиек етті. Қорытындылай келе, Әлихан Саварбекұлы қорқынышты оқиғалардың қайталанбауы үшін барлығын достық қарым-қатынасқа, парасаттылыққа, адамгершілікке, руханилықты сақтауға шақырды.
Сілтеме: https://www.facebook.com/100036875300093/videos/491685875403918/





