Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 2021 жылы 35 жыл толады. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды. Талайдың тағдырын шайқаған «Чернобыль» апаты адамзаттың мәңгі жүрегінде әлі күнге дейін сақталуда. Соның ішінде осы оқиғаны бастан кешіргендер ешқашан ұмытпасы анық. Қайғылы оқиғаның мерейтойына орай аудандық балалар кітапханасының мамандары әлеуметтік желілерде «Чернобыль - апатының жаңғырығы» бейнеролигін дайындады, онда жас оқырмандарды әлемдегі ең ауқымды апат тарихымен таныстырады.





