Салғараұлы, Қ. Өмірбаян тұған күннен басталады [Мәтін]/ Қ. Салғараұлы.- «Фолиант». - 2018. - 320 б.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және Култегін сыйлығының иегері, Казақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым әрі жазушы Қойшығара Салғараұлының бұл жинағына қазіргі таңда «түріктектес», «түріктілдес» деп танылып жүрген халықтардың арғы ата-бабаларының естен өшкен ескі замандардағы тарихына қатысты әлем халықтарының мифологиясындағы тарихтық, тілдік деректерді және көне жазба мұралар берер мәліметтерді бүгінгі археология, лингвистика, генетика, тарих ғылымдарының жетістіктерімен сабақтастыра талдау арқылы осы кезге дейін айтылмай келген мәселелерге қатысты өзіндік жаңа, тың пайымдаулар жасайды. Дәстүрлі ресми тарих бүгінге назардан тыс қалдырып келген деректерді өз зерттеуінің өзеге ету арқылы автор Африка мен Американың, Еуропа мен Азияның алғашқы тұрғындарының кімдер болғанын және адамзат баласы қол жеткізген алғашқы өркениеттің отаның анықтаудағы ізденістері мен жетістектері, бірінен бірі асып түсіп жатқан жаңалықты ойлары мен тосын тұжырымдары оқырманын бірден баурап алып, одан әрі оқуға қызықтырып жетелеп отырады. Тілі көркем, әдеби шығарма секілді жеңіл оқылады.