Сабырбаев, Қ. Дүлдүлдер дүбірі [Мәтін]: жыр жинағы / Кайрат Сабырбаев – Астана: Фолиант, 2017. – 224 б.
Ақын Қайрат Зекенұлының өлендері талғам мен таным негіздерін сипаттайтын тұшымды ойлардан тұрады. Оның өмерге көзқарасы, махаббат пен достықты бағалауы, тірлік түйткілдерін тануы кітапка енген шығармаларынан шынайы көрініс тапқан.
Авторды өзгелерден даралап тұратын ерекшелік – дүлдүлдер дүбірін құлак түбіне әкелер жылқы тақырыбының мейлінше сәтті сомдалуы. «Ақшал мен көкжал» поэмасы табиғи зандылықтың жалпыға елеусіз сәттерін ашып суреттеуімен бағалы. Төрт түліктің төресіне қатысты тың сюжеттерге топтамалар оқырман үшін өз алдына бір олжа боларлықтай.
Кітаптың тілі көпшілік ұғымына жеңіл әрі жатық.