КГУ «Централизованная информационно-библиотечная система отдела культуры и развития языков акимата Федоровского района»

Вторник, 13.05.25
Вторник, 11 февраля 2020 10:58

Қойшыбаев Б.

Оцените материал
(0 голосов)

Қойшыбаев Б.

Тарих және тұлға [Мәтін] : зерттеулер, мақалалар, сұхбаттар / Б. Қойшыбаев. – Тараз: Сенім, 2019. – 448 б. Жинақтан оқырман қазақ халқының қалыптасу және этностық атауымен мемлекеттігін құру, бір орталықтандырылған қуатты хандық жасақтауға тырысу және отарлану кезеңдері мен патшалық тұсындағы азаттық аңсаған көтерілістер, кеңестік дәуірдегі ұлттық-мемлекет межелеу шындықтары, тоталитарлық кезеңнің қылмысы, алаштық идеяның өміршеңдігі жөнінде оқып танысады. Қазақ халқының көрнекті тұлғалары жайындағы зерттеулер енген. Тоталитаризм дәуірінде орын алған саяси қуғын-сүргіннің шынайы болмысы, сексен жыл ілгерідегі Үлкен террор, оның қасіретті салдары, репрессия құрбандары турасында да әңгімеленеді. Ұзақ жылдарға созылған отарлық заманнан соң, қазақтың елдігін тұңғыш жаңғыртқан Алаш-Орданың ғасырлық мерейтойына орай әзірленген бұл кітап зерттеушілерге, тарихшыларға, студенттер мен оқушыларға, Отанымыздың тарихымен әуестенетіндерге, көпшілік қауымға арналады.

Прочитано 125 раз

Оставить комментарий